14 шілде 2017 10:15

Ең қымбат смартфондар бренді банкротқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Элиталық Vertu телефондарын шығарушы компанияның иесі кредиторларымен келісімге келе алмай, өзін банкрот деп жариялады. Компания қарызы 128 миллион стерлинг, - деп хабарлайды Вести.Hi-tech сайты The Financial Times басылымына сілтеме жасап. 

Түркиялық бизнесмен Хакан Узанға қарасты кипрлік Baferton компаниясы 1,9 миллион фунт қана төлеуге дайын болған. Baferton компаниясы Vertu брендін биыл наурызда сатып алған еді. Бес жылда бұл брендтің иесі үш рет ауысқанын айта кету керек. 

Компания Ұлыбританиядағы фабрикасын жабады да, осыдан 200 адам жұмыссыз қалмақ. Узанның бұл бренді шығару құқығы сақталып қалатындықтан, болашақта ол бұл смартфондарды шығаруды қайта жандандырмақ. 

2012 жылы бренд Nokia компаниясына тиесілі болған. Қаржылай қиындықтарға байланысты бренд швециялық EQT VI жеке қорына сатылды, кейін Гонконгтің Godin Holdings қорына өтті. 

Nokia компаниясы Vertu брендін 1998 жылы құрып, осы арқылы нарықтың премиум бөлігіне шыққысы келген. Қымбат тастармен әшекейленген смартфондар бағасы бірнеше жүз мың еуроға дейін жететін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети