11 наурыз 2014 16:41

"Хабар" жылжымалы телевизиялық станцияларының жаңа жиынтығын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында "Хабар" агенттігі" АҚ жылжымалы телевизиялық станцияларының (ЖТС) жаңа жиынтығы ұсынылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биыл "Хабар" агенттігі 18 ЖТС сатып алып, сол арқылы әр өңірде бір станциясы, ал Астана қаласында екі станциясы жұмыс істейтін болады. Мұндай жылжымалы телевизиялық станциялар кез келген уақытта әр өңірден тікелей қосылымдар жүргізуге мүмкіндік бермек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқиға орнынан көрсетілім жасағанға дейінгі жабдықтау уақыты небәрі он минуттан аспайды. Жаңа жабдықтар "Хабар" агенттігі" АҚ аймақтық және орталық бөлімдерінің үшінші кезеңі барысында сатып алынып отыр. Бұдан кейін республикадағы ең ірі ЖТС жиынтығы "Хабар" агенттігіне кез келген өңірден, байланыс ақпараттық құрылымына қарамай көрермендерді ең маңызды ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Қазіргі таңда "Хабар" агенттігі" АҚ құрамына "Хабар", "24 kz", "Kazakh TV", "Білім және мәдениет" және "Ел Арна" телеарналары кіреді. Келер жылы аталған агенттіктің құрылғанына 20 жыл толмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети