Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

iPhone 7 шығатын күн белгілі болды

11 Тамыз 2016, 15:32
0
© REUTERS
© REUTERS

Apple компаниясы жаңа iPhone 7 смартфонын 2016 жылдың 7 қыркүйегінде таныстырады, - деп хабарлайды Bloomberg дереккөздерге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, жаңа смартфондар 16 қыркүйектен бастап сатылымға шығуы мүмкін. Сонымен қатар, осы күні Apple компаниясының өкілдері жаңартылған дизайны мен пернетактаның жоғарғы бөлігінде сенсорлық панелі бар Macbook Pro моделінің жаңа нұсқасын таныстырады. Алайда басылымдағылар бұл мәліметтерді теріске шығарып отыр. Олардың айтуынша, Аpple компаниясы жаңа ноутбуктарды басқа күні таныстырады.

Осыған дейін танымал блогер Эван Бласс iPhone 7 және 7 Plus гаджеттерінің шығатын мерзімін болжаған еді. Блогер Apple корпорациясы жаңа iPhone 12 қыркүйектен кейінгі бір аптаның ішінде шығаруы мүмкін деп болжаған. Кейін @evleaks жаңа iPhone сатылымға 16 қыркүйекте шығады деген болатын. Кейінірек Бласс мәліметтерді нақтылап, алдын ала тапсырыс берудің 9 қыркүйектен басталатынын айтты.

Айта кетейік, Apple компаниясы соңғы төрт iPhone өнімінің таныстырылымы мен сату науқанын кыркүйек айының ортасында ұйымдастырып жүр. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай