iPhone X қолданушылары экрандағы жасыл сызыққа шағымданып жатыр

12 Қараша 2017, 16:17
0

iPhone X қолданушылары экранда жасыл түсті сызықшаның пайда болғанына шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Macrumors.com.

Macrumors қызметкерлері өздерінің форумында, Twitter желісінде және Apple компаниясының сайтында бетінде жасыл сызық тұрған смартфондардың суретін жариялаған.

Қолданушылардың айтуынша, телефонды өшіріп қосқан соң да ол сызықтар кетер емес. Айта кетейік, бұл ақау жайлы АҚШ, Канада, Польша, Аустралия және Польша тұрғындары хабарлап жатыр.

Басылымның мәліметінше, әзірше бұл проблема экранға байланысты ма немесе бағдарламалық жасақтамаға байналысты ма белгісіз.

Macrumors өкілдерінің айтуынша, бұл OLED-дисплейіне байланысты. Айта кетейік, осыған дейін Samsung Galaxy S7 смартфондарының экранында күлгін түсті сызықтар пайда болған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай