1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

Instagram желісінде тікелей трансляция пайда болды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Instagram желісі жаңартылған нұсқасын ұсынды: Instagram Stories тікелей трансляциясы пайда болды, Direct жүйесінде өздігінен өшірілетін суреттер мен видеолар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның ресми блогына сілтеме жасап. 

Онлайн-трансляциялар Instagram Stories бөлімінде жарияланады. Трансляцияны сіз рұқсат берген адамдарғана көре алады немесе барлық қолданушы көре алатындай етіп те жасауға болады. Трансляция басталған уақытта басқа қолданушыларға ескертіледі, ал трансляция жасаушы адамның аккауынтында  Live белгісі тұрады. Трансляция аяқталған уақытта видео сақталмайды. Қазіргі уақытта барлық қолданушылар бұл жаңа жүйені іске қоса алмайды. 

Сондай-ақ Instagram желісінде өздігінен қшіп отыратын суреттер мен видеоларды жүктеуге болады, оларды Direct арқылы басқа қолданушыларға жіберуге болады. Фотолар мен видеоларды бірнеше адамға жіберуге болады. Хабарламаны көріп болғаннан кейін суреттер мен видеолар өздігінен өшіп қалады.