25 маусым 2021 10:03

Instagram компьютер браузерінен сурет және видео жариялау мүмкіндігін енгізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-да жаңа функция іске қосылды. Енді қолданушылар сурет пен видеоны компьютер браузерінен жүктей алады, - деп хабарлайды Rozetked


Instagram-да жаңа функция іске қосылды. Енді қолданушылар сурет пен видеоны компьютер браузерінен жүктей алады, - деп хабарлайды Rozetked

Бұрын медиа файлдарды тек мобильді қосымша арқылы жүктеуге болатын. Қазіргі уақытта жаңа мүмкіндік сынақтан өткізіліп жатыр және әзірше тек шектеулі пайдаланушылар үшін қол жетімді.

Instagram бұл функция туралы әлі ресми ақпарат жариялаған жоқ. Алайда мамырда мобильді қосымшаларды құрастырушы Алессандро Палуцци бұл қызмет дайындалып жатқанын айтқан.

Желіге компьютерден немесе ноутбуктен фото/видео жүктеу үшін Instagram-да жоғарғы оң жақ бұрышындағы "плюс" белгішесін басу керек. Пайдаланушылар суреттің өлшемін және суреттің басқа параметрлерін өзгертуге мүмкіндік алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети