Желіде Samsung Galaxy S9 және S9+ смартфондарының видеосы пайда болды

25 Ақпан 2018, 14:36
0
Желіде Samsung Galaxy S9 және S9+ смартфондарының видеосы пайда болды - © Beawiharta Beawiharta / Reuters
© Beawiharta Beawiharta / Reuters

Samsung компаниясының жаңа смартфондары Galaxy S9 және S9+ түсірілген видео ресми тұсаукесерден бұрын Желіге салынды, деп хабарлады Lenta.ru.

Ролик YouTube желісіндегі Slashleaks каналында пайда болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Samsung Galaxy S9 және S9+ суретінің Желіде пайда болғаны хабарланған еді.

5,8-дюймдік S9 бен 6,2-дюймдік S9+ бұрын шыққан смартфондардан аса қатты ерекшеленбейді. Бірінші модельдің жедел жады  - 4 гигабайт және кіріктірілген жады 64 гигабайт болса, екінші модельде 6 және 128 гигабайт болады.

Galaxy S9 және S9+ смартфондарының негізгі ерекшеліктері сурет пен видеоны өңдеуге арналған бағдарламаның және құрылғының жаңартылуы болады. 12-мегапиксельді камера super slow-motion ("баяулатылған түсірілім") әсерін қолдануға мүмкіндік береді, яғни секундына 480 кадр жасауға болады. Алдыңғы камераның ажыратымдылығы - 8 мегапиксель.

Сонымен қатар, екі смартфонда да түрді айыра білу жүйесі жақсартылған, ал саусақ іздерінің сканері камераның жанында емес, төменгі жағында орналасқан.

Айта кетейік, жаңа смартфонның ресми релизі 25 ақпанға белгіленді. Ал сатылымға 16 наурыздан бастап шығады деген болжам бар. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай