30 маусым 2014 19:17

Қарағандыда "ақылды" аялдама пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақылды аялдаманы Қарағанды әкіміне таныстырып жатыр. ©nv.kz Ақылды аялдаманы Қарағанды әкіміне таныстырып жатыр. ©nv.kz

Қарағандылықтарға қалаға орнатылатын автобус аялдамаларының  болашақ нұсқасы таныстырылды деп хабарлайды "Новый Вестник". Облыс әкіміне таныстырылған "ақылды" автобус аялдамасы 32-дюймды сенсорлық планшеттен тұрады. Ол аялдаманың екі жақтауына орнатылған.


Қарағандылықтарға қалаға орнатылатын автобус аялдамаларының  болашақ нұсқасы таныстырылды деп хабарлайды "Новый Вестник". Облыс әкіміне таныстырылған "ақылды" автобус аялдамасы 32-дюймды сенсорлық планшеттен тұрады. Ол аялдаманың екі жақтауына орнатылған.

Қала бюджетінен аталған мақсатқа 10,5 миллион теңге қарастырылып қойғанын баса айта кетелік. Осы ақшаға Қарағандыда таяу күндері 21 "ақылды" автобус аялдамасы бой көрсетпекші. Бұл жоба бойынша тендер әлі өткізілмеген және оны жеткізуші компания да таңдалып алынбаған. Сынамалы үлгіні облыс әкіміне "Қазақстанның ең мықты тауарлары" деген көрмеде көрсеткен. "Планшет дисплейінде сол араға тоқтайтын автобустардың нөмірі мен аялдама атауы көрініс табады. Егер маршрут нөмірін саусағыңызбен бассаңыз, сол маршруттың қандай бағыттарға қатынайтындығын көрсететін карта пайда болады" дейді "ақылды" автобус аялдамасы жобасын әзірлеуші компания өкілі Александр Уфимцев.

Оның айтуынша, электронды автобус аялдамасы бұзақылардан сенімді қорғалған. Экран брондалған шынымен жабдықталған, ол корпусқа мықтап бекітілген. Сондай-ақ жаңа дисплейге "шабуылдаушылардан" қорғану мақсатында оны облыстық жол көлік департаментінің сыртқы бейне бақылау таспалары орнатылған көше бойына қою назарға алынып отыр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети