23 шілде 2014 17:23

Қазақша клавиатура 100 мектепте сынақтан өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

AdamSky пернетақтасы. Фотосуретті жоба авторлары ұсынды. AdamSky пернетақтасы. Фотосуретті жоба авторлары ұсынды.

Алматының 100 мектебінде қазақ әріптері бар клавиатура сынақтан өткізілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жобаны жасаушылардың бірі Ерғали Адамбаев айтты. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті студентінің айтуынша, қазақ клавиатурасы тұтастай алғанда оң баға алды.

Мектептердің информатика сыныптарын қазақша клавиатурамен жабдықтау 2014 жылдың ақпан айында басталды. Сол кезден бері жоба авторлары түрлі ұсыныс-пікір естіді. Олардың 90%-ы - қазақ қаріптері бар пернелерге қатысты оң баға. 

Адамбаев студенттердің Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке хабарласып, ақшалай грант сұрағалы отырғанын айтты. Жоба авторларына маркетинг және өнімді нарықта жылжыту үшін қаражат қажет. Адамбаевтың айтуынша, өнімнің 10 мың гаджеттен тұратын келесі партиясы бөлшек саудаға шығарылады. Құрылғының әрқайсысының құны 2000 теңгеден аспайтын болады.

Қазақша клавиатура таныстырылғаннан кейінгі екі жыл ішінде бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бұрын арнайы пернелер гаджеттің шет жағында орналасты. Енді олар - клавиатураның ортасында. Сонымен бірге, мультимедиялық бағдарламаларды басқару пернелері қосылды. USB-порттарды орнату өте қымбатқа түсетіндіктен жоба авторлары одан бас тартқан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети