07 ақпан 2014 20:11

Ұлттық пернетақта барлық мектептерге енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық пернетақта Ұлттық пернетақта

Жағымды жаңалық. Көп күттірген өзіміздің "ұлттық пернетақта" (клавитура) жақында жарыққа шықпақшы. Өнербатыс иелері AdamSky "ұлттық пернетақтаны" еліміздің барлық мектептеріне енгізуге дайын. Бұл жайында Tengrinews.kz тілшісіне құрылымды ойлап тапқан, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Диас Жүнісбеков айтты. Жас бизнесмендер алдағы уақытта барлық орта және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі е-learning бағдарламасын жасауға атсалыспақшы. "Бұл шараға қатысу біз үшін маңызды. Өйткені, сол кезде "ұлттық пернетақтаны" қоса орнатар едік. Ал төменгі топтағыларды көздеп отырған себебіміз, олар тез үйреніп алады" - дейді, өнертапқыштар. Қазір пернетақта жасап жатқандар Білім және ғылым министрлігімен келісім-шарттар жүргізіп, жобаны жүзеге асырудың механизмдерін қарастыруда. Алғашқы кезде 20 мың пернетақта жасамақ ойлары бар. Ал үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап өнертапқыштар білім ошақтарында е-learning бағдарламасын енгізуге бел шеше кіріспек. Айта кетейік, "ұлттық пернетақтаның" сызбасы 2012 жылы жасалған болатын. Алайда сәтті болмай, неше рет өзгеріске ұшыраған еді. Өз жобаларын идея авторларының Шетелдік инвесторлар Форумы болып жатқан күндері Елбасы Н.Назарбаев Жаңа технологиялар паркіне кірген кезде көрсеткені есімізде. Елбасымен кездесуді үлкен құрмет санайтындығы турасында Диас Жүнісбеков БАҚ өкілдеріне сол кезде айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети