31 қаңтар 2022 12:24

Қазақстанда балалар қандай әлеуметтік желілерді жиі қолданады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото Иллюстрациялық фото

Касперский зертханасы 2021 жылы Қазақстанда балалар қай мобильді қосымшаларға көбірек уақыт жұмсағанын білу үшін сараптама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Касперский зертханасы 2021 жылы Қазақстанда балалар қай мобильді қосымшаларға көбірек уақыт жұмсағанын білу үшін сараптама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зертхананың талдауына сәйкес, ең танымалы YouTube желісі. Ол он қосымшаға жұмсалған жалпы уақыттың үштен бірін (32 пайыз) құрайды. 22 пайыздан астамын WhatsApp, тағы 16 пайызын ТikTok желісі алған.

Жалпы, 2021 жылдың аяғында балалар, Youtube желісінен әлем бойынша ойынға қатысты контенттерді іздеген. Мұндай сұраныстардың үлесі 28 пайыз. Зертхана дерегі бойынша, балалар ойын блогерлері арнасын табуға тырысқан, ал Minecraft ең танымал ойын атанды.

Үздік үш YouTube-арнасына MrBeast, EdisonPts және Paluten кірді, ал Genshin Impact және Poppy Playtime бірінші рет ең көп сұралған 10 ойынның қатарына енді.

Балалардың YouTube желісіндегі іздеулер саны бойынша екінші орын музыкаға қатысты болды, олардың үлесі 19 пайыз. Жүргізілген талдаулар бойынша, балалар көбінесе BTS, BlackPink, Lil Nas X, Ariana Grande және Twice сияқты танымал топтар мен әншілерді іздеген. Ең танымал әндер қатарында орындаушы CKay's-тің Love Nwantiti әні және оңтүстіккореялық BlackPink тобының мүшесі LISA-ның, MONEY және LALISA атты екі жаңа трек бар.

Сұраныстардың 12 пайызын фильмдер, мультфильмдер және телешоулар құрады. Ең көп ізделген мультфильмдер "Свинка Пеппа", "Лунтик", "Барбоскины", "Леди Баг и Супер Кот", "Веном-2" және "Человек паук", "Нет пути домой" фильмдері болды.

"Ата-анаға баласының цифрлық қызығушылықтарын білу маңызды. Бұл балаларды желідегі қауіптерден қорғауға және отбасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Балаларыңызбен бірге уақыт өткізсеңіздер болады: мысалы, танымал блогердің танымдық бейнелерін қараңыз, тарихты оқыңыз, химияны немесе физиканы тікелей Minecraft-та ойыннан да зерттеуге болады", - деп түсіндіреді Касперский зертханасының Қазақстан мен Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

Зертхана кеңестерін бөлісті:

  • Балалардың интернеттегі мінез-құлқының нақты ережелерін орнату және олардың не үшін қажет екенін түсіндіру (мұндай ережелерді бала өскен сайын қайта қарау керек);
  • Бірге жаңа нәрселерді үйреніңіз, балалардың желіде не істеп жатқанын бақылаңыз және олардың қауіпсіздігін қалай сақтау керектігін ойлаңыз;
  • Қажет болса, ата-ана бақылауы қолданбасын пайдаланыңыз, бірақ орнату алдында балаға оның қалай жұмыс істейтінін және оны қорғауға көмектесетінін түсіндіріңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети