09 ақпан 2015 19:33

Қазақстанда сағатқа арналған смарт-браслет жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Смарт-браслеттің концепті Смарт-браслеттің концепті

Қазақстанда сағатқа арналған смарт-браслет жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне идея авторы Юрий Литвишков айтып берді.


Қазақстанда сағатқа арналған смарт-браслет жасалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне идея авторы Юрий Литвишков айтып берді.

Құрастырушылардың пікірінше, мұндай браслеттер барлық қолсағатқа, оның ішінде классикалық сағаттарға қондырылады. Бұл үшін оның белбеушесіне ұялы телефонға жалғанатын интеллектуал модульді енгізу керек. Мұндай гаджет, Литвишковтың айтуынша, әлемдік брендтердің дизайнын ұнатпайтын әрі бағалы сағат ұстайтын азаматтарға қызық болуы мүмкін. Себебі олар аксессуарымен қоштасқысы келмейді.

Идея авторы смарт-браслеттің көптеген функциясы болуы мүмкін екенін айтады. Олардың көмегімен қоңырау қабылдауға телефон соғуға, музыка тыңдап, GPS-навигаторды қолдануға болады. Мұнымен қатар, модульге қадам өлшейтін фунцияны, гироскопты және жүректің соғуын көрсететін датчик орнатуға мүмкіндік бар. Гаджеттің дисплейі түрлі түсті немесе винтаж стилінде жасалған монохром болуы мүмкін.

Құрастырушылардың айтуынша, әлемде мұндай өнім жоқ. Ал өнім экспортқа шығарылмақшы. Литвишковтың пікірінше, смарт-браслеттерді жасау қиын емес. Нарықта оның дайын бөлшектері бар, бастапқы кезде оны Қытайда жасауға болады, ал модульдің монтажы Қазақстанда құрастырылмақшы. Мұнымен қатар, команда смарт-браслеттің негізгі ұялы платформалармен жұмыс істей алуы үшін гаджеттің өзіндік бағдарламасын құрастырып шығуды жоспарлар отыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети