21 сәуір 2014 13:35

Қазақстанда ұялы телефондарға арналған қүл-қоқыс жәшіктері орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото gsmforum.ru сайтынан Фото gsmforum.ru сайтынан

Бүгін Астанада Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы ұйымы мен Samsung electronics компаниясы өзара ынтымақтастық туралы келісімді рәсімдеді. Оған сәйкес, елімізде ұялы телефондарға арналған күл-қоқыс жәшіктері орнатылып, болашақта барлық электронды құрал-жабдықтардың утилизациясын ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жобаның негізгі мақсаты - электронды құрал-жабдықтардан келетін экологиялық қауіп-қатерді барынша азайту. Бұл бастама "жасыл экономиканы" дамыту шаралары аясында қолға алынды. Себебі қоршаған ортаны қорғау заңнамасы аясында өнім өндіруші компанияларға тиісті жауапкершілік жүктелген. Осыған орай, Samsung electronics электронды құрал-жабдықтардың утилизациясын ұялы телефондардан бастауды жоспарлап отыр. Ол үшін Қазақстанда арнайы күл-қоқыс жәшіктері орнатылады.

"Қазіргі кезде біз Қазақстанда тұрмыстық техниканы сататын ірі сауда орталықтарымен келіссөздер жүргізіп шықтық. Олар бұл бастаманы қолдап отыр. Біздіңше, биыл, шамамен жазғы уақытта Астана мен Қарағанды қалаларында алғашқы жәшіктерді орнатылатын болады", - дейді Қазақстандағы Samsung electronics компаниясының энергетика және қоршаған орта бөлімінің жетекшісі Станислава Ким. Оның сөзіне қарағанда, әзірше ұялы телефондарын келіп тапсыратын адамдарға қандай да бір сыйақы беру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Алдымен утилизацияға кететін электронды құрал-жабдықтардың нақты көлемін анықтап алу жоспарланған.   

Ал қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, бұл жобаға мемлекет тарапынан ақша бөлінбейді. "Біз тек заңнама жағынан ғана барлық жағдайды жасап беретін боламыз", - деп атап көрсетті ол.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети