Қытай ғалымдары смартфонды 15 минутта қуаттау жолын тапты

25 Ақпан 2016, 16:35
0
Қытай ғалымдары смартфонды 15 минутта қуаттау жолын тапты - © Мacdigger.ru
© Мacdigger.ru

Қытайдың Oppo компаниясы смартфон аккумуляторын 15 минутта қуаттауға арналған Super VOOC технологиясын таныстырды, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Компанияның мәліметінше, жаңа құрылғы арқылы аккумуляторды 5 минутта 10 сағат сөйлесуге жететіндей етіп қуаттауға болады. Смартфон қарапайым USB жалғағышымен қуатталады. Технология 5 вольттік қуат импульсінің алгоритміне негізделген. Ол аккумулятордың қатты қызып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, технология түрлендірілген аккумулятордан, жаңа адаптерден, кабель мен коннектордан тұрады.

Айта кетейік, бұл технология смартфонды 35 минут ішінде 80 пайызға дейін қуаттайтын Quick Charge 3.0 от Qualcomm жүйесін артта қалдырды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай