17 мамыр 2016 10:08

Майк Тайсонның жекпе-жегіндегі кадрдан қолданушылар тылсым дүние тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© insideedition.com © insideedition.com

Тылсым құбылыстарды зерттеушілер таяуда Майк Тайсон мен Питер Макнилидің 1995 жылы Лас-Вегаста өткен жекпе-жегінен таңғалдырарлық жағдайды тапты, - деп хабарлайды Inside Edition


Тылсым құбылыстарды зерттеушілер таяуда Майк Тайсон мен Питер Макнилидің 1995 жылы Лас-Вегаста өткен жекпе-жегінен таңғалдырарлық жағдайды тапты, - деп хабарлайды Inside Edition

Зерттеушілер кадрлардың бірінен 2000 жылдары ғана пайда бола бастаған смартфонға ұқсас құрылғыны ұстап отырған көрерменге назар аударған. 

Батыстың БАҚ-тары жазып шыққаннан кейін Интернет қолданушылары ер адамның қолында қандай құрылғы бар екенін анықтаумен бас қатырып жатыр.

Бір анығы, сөз болып отырған видео монтаж емес, себебі ол архивтен алынған. Конспирологтардың айтуынша, жекпе-жектің кадрлары уақыт машинасының бар екенінің дәлелі, ал тілге тиек етіліп отырған адам уақыт саяхаттаушысы және ол аңызға айналған боксшының жекпе-жегін көру үшін тарихқа оралған.

Ал кейбір мамандар құрылғының ертеде шыққан цифрлық камера екенін айтып отыр, қолданушылардың бір бөлігі төмендегі суретте бейнеленген құрылғыларды меңзеген.

Алайда қолданушылардың ешқайсысы көрерменнің нақты қандай құрылғы ұстап отырғанын айта алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети