10 желтоқсан 2014 15:20

Ұялы телефонның адам денсаулығына зиянсыз екені дәлелденді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Манчестер университетінің ғалымдары ұялы телефон мен электр таратушы желілерден шығатын электр магнитті толқындар адам денсаулығына зиян келтірмейді деп мәлімдеді. Бұл тақырыпта жасалған зерттеу жұмыстары жөнінде Journal of the Royal Society Interface ғылыми басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдар ұялы телефон электр магниттерінің бедеулік пен обыр, сондай-ақ балалардың аққан ауруын туғызуға қаншалықты әсері бар екенін зерттеді. Жалпы электр магнитті толқындар адам ағзасындағы ақуыздарды жояды деген мәлімет бар, сондықтан дәрігерлер де ұялы телефонмен ұзақ сөйлеспеуге кеңес береді.   

Манчестерлік химиктер әлсіз магнит желісін флавопротеиндерге - яғни, жүйке жүйесі мен ДНК-ны қалыпқа келтіруде маңызды рөл атқаратын ақуыздарды зерттеп шықты. Нәтижесінде сәуле шығарудың, олардың қызметіне ешқандай әсері болмай шықты.

"Флавопротеиндер электрондарды бір жерден екінші жерге алмастырады. Сол кезде жылдам ыдырап кететін радикал бу пайда болады. Оның қатысуымен болатын биохимиялық реакция сәуле шығару магниттеріне әсер береді, бірақ ол адам ағзасында еш өзгеріс туғызбайды", - дейді зерттеу жұмысы авторларының бірі Алекс Джонс. 

"Әрине, бұл мәлімдемеге толық көз жеткізу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет, алайда сәуле шығаратын ұялы телефон немесе басқа да құрылғылардың адам денсаулығына зияны жоқ екенін жасалған жұмыс айқындап берді", - дейді тағы бір автор Найджел Скраттон.    

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети