Реклама
Реклама

"Горельник" шатқалы

Қалай баруға болады

Шатқал Кіші Алматы шатқалының батыс беткейінде орналасқан. Оған баратын жол "Горельник" аялдамасынан басталады. "Медеу" мұз айдынынан eco-bus арқылы немесе жаяу жетуге болады.

Несімен қызықты

Шатқал "Горельник" деген атауға ХХ ғасырдың 30-жылдарында болған өрт нәтижесінде ие болды. Ол кезде бұл жерде альпинистерді әзірлейтін турбаза болған. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес армиясының атқыштары дайындалды. Қазір бұл көрікті жер Кіші және Үлкен сарқырамалар жанында демалып, термалды бұлақтарға сүңгуді қалайтын жергілікті тұрғындар мен туристер үшін тартымды. Мұнда ыстық және суық су толтырылған бар бөшкелер, душ және спорт алаңы орнатылды. Жақын жерде "Горельник" орталығы орналасқан.

Не қызық бар

Сарқырамалар шағын жолайрығының қос шетінде орналасқан, бір сапарда қос сарқырамаға қатар барып үлгеруге болады. Сондай-ақ Бүркіт ұясы пішініндегі әсем алаңқай бар, ол жерден шатқал мен сарқыраманың керемет көрінісін тамашалай аласыз. Бүркіт ұясына дейінгі жолдың қашықтығы –16 км, алайда сапарыңыз сарқырамаларға барумен шектелуі де мүмкін.

Қай кезде барған дұрыс

Жазда шатқал ерекше әдемі, дегенмен сіз оған ыстық бұлақтарға түсу әлдеқайда керемет әсер сыйлайтын қыс мезгілінде де бара аласыз.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная