Алматының үздік театрлары: классикадан андеграундқа дейін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото depositphotos.com Фото depositphotos.com

Алматыда демалу - тауға шығумен шектелмейді, ұлттық тағамдардан дәм татып, садақ атып, жұлдызды аспанды тамашалауға мүмкіндік мол. Мегаполис театр алаңдарына, талантты әртістерге және қызықты тарихы бар мәдени көрікті жерлерге бай. Бұл мақалада біз туристерді Алматының театрларымен таныстырамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда демалу - тауға шығумен шектелмейді, ұлттық тағамдардан дәм татып, садақ атып, жұлдызды аспанды тамашалауға мүмкіндік мол. Мегаполис театр алаңдарына, талантты әртістерге және қызықты тарихы бар мәдени көрікті жерлерге бай. Бұл мақалада біз туристерді Алматының театрларымен таныстырамыз.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры

Абай атындағы ҚазҰТОБ - бұл жай сахна емес. Бұл балет және опера өнерінің музейі, ең үздік қойылымдар мен сәулет ескерткіші. Театр ғимараты итальяндық классицизм мен ұлттық қазақ элементтерімен үйлесетін сталиндік империя стилінде жасалған. Тетар "Абай" және "Евгений Онегин" операларымен, "Аққу көлі" мен "Ромео мен Джульетта" балет қойылымдарымен танымал.

"Операға арналған картиналар мен аксессуарлары бар әдемі ғимарат. Интерьерінің өзі музей, "...Мен "Қыз-Жібек" қазақ операсының қойылымын көрдім, тамаша болды - керемет қойылым, костюмдері мен көрерменге арналған залы да әдемі, Алматыға келетін туристерге театрға баруға кеңес беремін", - деп жазыпты пікір білдірушілер.

М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Классикалық театр мектебінің үздік дәстүрлері, қазіргі заман, комедия мен драма, романтика мен мистика - Алматының ең көне театрын осылай сипаттауға болады. Ғимарат ішінде театрдың негізін қалаушы, актер және режиссер Юрий Рутковскийдің бюсті, ал ғимараттың алдында 80 жастан асқанша 300-ге жуық жарқын және есте қаларлық кейіпкерді сомдаған, алматылықтардың сүйікті актерлерінің бірі Юрий Борисович Померанцевке ескерткіш орнатылған.

"Сіз драмалық спектакльдерді ұнатасыз ба және орыс тілін түсінесіз бе? Ендеше тетар - кешіңізді керемет өткізуге арналған орын", "актерлер, декорация, жарық, режиссер идеясы әсерлі болды... Нәтижесі - көрерменнің қошеметі", - деген пікірлер қалдырыпты қонақтар тарихы өткен ғасырдың 30-шы жылдарынан бастау алатын театр туралы.

ARTиШОК

"Мәдени шок театры" - Қазақстандағы тұңғыш тәуелсіз театрдың шығармашылық ұжымы өздерін осылай сипаттайды. Театр репертуарының жанры да алуан түрлі. Бұлар - әлемдік әдебиет, заманауи, еуропалық және қазақ драматургиясына негізделген спектакльдер. Балалар мен жасөспірімдерге арналған музыкалық қойылымдар мен спектакльдер де бар.

"Қызықты. Андерграундты ұнататындар бағалайды... Егер сіз классикалық қойылымдар мен академиялық актерлік өнерді ұнатсаңыз, бұл қойылымдарды жүрегіңізге ауыр қабылдауыңыз мүмкін", - дейді театрсүйер қауым. Актерлердің мінсіз ойыны мен ерекше қойылымын пікір білдірушілер осылай суреттепті.

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы

Филармония театр өнеріне жатпаса да, біз оны айналып өте алмадық. Филармония құрамында бірнеше танымал ұжым бар: мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор, мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр, Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартет, Н.Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр, ағаш үрмелі аспаптар квинтеті.

"Мұнда әлемдік деңгейдегі музыканттардың қатысумен қызықты концерттер өтеді. Классикамен қатар, заманауи трендтер. Олардың арасында The Beatles хиттерінің опералық қойылымдары бар", - деп пікір білдіріпті музыка сүйер қауым филармонияның сан алуан репертуары туралы.