Алматы ғибадатханалары: мешіттен жерасты шіркеуіне дейін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото shutterstock.com Фото shutterstock.com

Алматы көпұлтты ғана емес, конфессияға да бай. Егер республика бойынша 18 конфессия бар болса, соның 17-сі Алматыда орналасқан. Бұл мақалада біз міндетті түрде бару қажет Алматы ғибадатханалары туралы айтамыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы көпұлтты ғана емес, конфессияға да бай. Егер республика бойынша 18 конфессия бар болса, соның 17-сі Алматыда орналасқан. Бұл мақалада біз міндетті түрде бару қажет Алматы ғибадатханалары туралы айтамыз.

Ең көне "Фатима" мешіті

Алматыдағы (ол кезде Верный қаласы) алғашқы мешіт ХІХ ғасырдың ортасында Татарская Слобода немесе Татарка тарихи ауданында пайда болды. Құрылыстың демеушісі - Верныйдың тұңғыш көпесі Алымов еді. Мешітті кірпіштен салды. Бірақ 1887 жылғы жер сілкінісі жартылай қиратып кетті, кейінірек ағаштан қалпына келтіріліп, 1940 жылға дейін жұмыс істеді. Кеңес заманында Мұхаммед пайғамбардың қызының атымен аталған "Фатима" мешітінің ғимараты етік фабрикасының қоймасы ретінде пайдаланыла бастады. 90-жылдардың ортасында ғана мешіт қайта салынды. Бұрынғы тұрғындардың айтуынша, қазіргі ғимарат сыртқы жағынан төңкеріске дейінгі ғимаратқа ұқсайды. Ол басқа алматылық мешіттерден татар сәулет өнерінің үздік дәстүрінде жасалған үшкір мұнара қалпағымен ерекшеленеді.

Алматы орталық мешіті

Қазақстанның оңтүстік астанасының көркіне айналған зәулім мешіт тұрған орын кездейсоқ таңдалмады. Бұл жерде 19 ғасырдың аяғындағы татар мешіттерінің бірі болған. Жаңа мешіт 1999 жылы пайдалануға берілді. Ақ мәрмәрмен безендірілген және бес мұнарамен көмкерілген ғибадатханада бір мезетте 7 мың адам намаз оқи алады. Мешiттiң бас күмбезінің биіктігі - 40 метр, бұған қосымша төрт кіші күмбездердің әрқайсының биіктігі - 27 метр. Алтын түсті мешіттің басты күмбезі Іле Алатауы тауларының фонында таң атқанда және күн батқанда ерекше әдемі көрінеді.

Ғимарат төрт залдан тұрады: негізгі зал, бес уақыт намаз оқитын зал, әйелдер залы және иътиқаф бөлмесі. Әр залдың өрнек-нақышы әр түрлі. Ғимарат 2001 жылы Алматыдағы Мемлекеттік тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енді.

Shutterstock.com

Әулие-Казан соборы

1871 жылы Большая станицадан Малая станицаға көшірілуімен Софиялық шіркеудің материалдарынан Құдай Анасының иконасының құрметіне "Казан" соборы тұрғызылды. 1887 және 1910 жылдардағы жер сілкінісінен кейін храм түбегейлі қайта құрылды. Кеңес өкіметі кезеңінде храм жабылды. Ескі станицалық шіркеудің қоңырауы 1944 жылдың 16 желтоқсанында қайтадан соғылып, оның күмбезінің астында дұға оқыла бастады. Бұл Алматы қаласының діндарларына қайтарылған алғашқы храмдардың бірі болды. 1998 жылы мұнда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғибадатхананың төрт күмбезі, ғимараттың кіреберістері, сондай-ақ иконостас қалпына келтірілді. 2022 жылдың көктемінде собор тағы да жөндеуден өтті, жөндей жұмыстары кезінде Ғибадатхананың түбінен кең бөлме табылды. 20 ғасырдың басында большевиктерден жасырын түрде дұғалар өткізілді деп болжануда. Қазір мұнда алты православиелік монастырь, иконалар мен қасиетті жәдігерлері бар әулиелерді еске алуға арналған арнайы часовнясы және жерасты шіркеуі бар.

Әулие Вознесенск кафедралдық соборы

Әдемі күмбезді ғибадатхана 1899 жылы Тянь-Шань шыршасынан бірде-бір шегесіз салынған. Сәулетші Андрей Зенков сол заман ғылымының соңғы жетістіктерін қолданған. Құрылысы бір-бірімен тек темір бекіткіштермен қыстырылып 56 м биіктікке тұрғызылған дүниежүзіндегі екінші биік ғимарат. 1911 жылы Верный қаласында болған жойқын жер сілікінісінде барлық жер үйлер қираған кезде шіркеудің тек бір кресті ғана майысқан. 1929-1995 жылдары шіркеу мұражай ретінде қолданылады. 1995 жылы орыс православие шіркеуі ретінде қайтадан қайтарылғаннан кейін православие қызметтері қайтадан жаңғыртылады. Шіркеу Қазақстан Республикасының сәулет және тарих ескерткіші ретінде республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Shutterstock.com

Собордың ішкі және сыртқы дизайны ерекше назар аударуға тұрарлық. Мысалы, үй-жайды әйгілі суретші Николай Хлудов салған, Киев пен Мәскеу шеберханаларының суретшілері де дизайнға атсалысқан. Ғимараттың қасбеті оюланған тақтайшалармен, ашық элементтермен, ал күмбездері түрлі-түсте безендірілген. Жан-жағын шыршалар мен жапырақты ағаштар қоршаған собор ертегі үйін еске түсіреді.

Қазақстанның орталық синагогасы

Алматыдағы синагога Орталық Азиядағы бірінші заманауи синагога ретінде есептеледі. Синагога құрылысы 1996 жылы салынып басталды және бір жылдан соң құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазақстанның Орталық синагогасының екіқабатты ғимараты кірпіштен салынған. Қабырғалардың бірінде алтын жазумен былай делінген: "Еврей орталығы. Менахем үйі. Хабад Любавич". Терезелерінде және дуалында алты күлді Давид жұлдызы (иудаизм символы) бейнеленген. Аулада тоғызшам орнатылған, оны қасиетті Ханука мерекесінде жағады.