Төлебаев көшесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалай баруға болады

Төлебаев көшесі қаланың тарихи орталығында орналасқан, бейресми атауы - "Алтын алаң".

Несімен қызықты

Төлебаев көшесі тұңғыш қазақ ұлттық классик композиторы Мұқан Төлебаевтың құрметіне аталған. Ол Қазақстан әнұранын жазған авторлардың бірі, әйгілі "Амангелді" және "Біржан мен Сара" операларының авторы. Оның жүзден астам музыкалық шығармасы бар.

Төлебаев көшесі бұрын Сергиопольская, Фонтанная және Абай деп аталды және Алматының ең көне көшесінің бірі.

Не тамашалауға болады

Егер сіз серуенді Төлебаев көшесінің төменгі нүктесі - Төлебаев пен Гоголь көшесі қиылысынан бастасаңыз, жол бойында алғашқы маңызды нысан - тарих және мәдениет ескерткіші әрі бірегей сауықтыру кешені саналатын "Арасан" моншасын көресіз.  Негізі, Төлебаев көшесіндегі барлық ғимараттың өзіндік тарихы бар, көп үйлер тарихи тұлғалармен байланысты.

Төлебаев көшесінің ең танымал әрі көрнекті тұрғыны - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев. Қоғам қайраткерінің Бөгенбай батыр көшесі қиылысындағы пәтерінде мұражай ашылды. Көрші үйде композитор Бақытжан Байқадамов тұрған. Қарасай батыр көшесімен жоғары көтерілгенде ақын Сәбит Мұқановтың мұражай-үйі бар. Шевченко көшесімен қиылысатын тұста кеңестік Қазақстанның соңғы басшысы Геннадий Колбин тұрған.

Сонымен қатар, аты аңызға айналған рок-музыкант Виктор Цойға арналған ескерткіш бар, ал Мұқан Төлебаевтың ескерткіші Абай даңғылы қиылысында орналасқан.

Қай кезде барған дұрыс

Төлебаев көшесіне жылдың кез келген уақытында баруға болады және сол жердегі көрікті орындармен терең танысу үшін бірнеше рет барған жөн.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная