Реклама
Реклама

Асы үстірті

Қалай баруға болады

Асы (Ассы) үстірті Алматы қаласынан 200 шақырым қашықта Түрген шатқалында орналасқан. Туристер тобымен бірге барған дұрыс.

Несімен қызықты

Бұл бірегей орын ғасырлар бойы жазғы жайылым ретінде пайдаланылды, сонымен қатар бұл жермен Қытайдан Еуропаға тауар тасыған сауда керуендері өтті. Асы  үстірті - теңіз деңгейінен 2200 метрден 2600 метрге дейінгі биікте орналасқан субальпілік шалғындары бар керемет тау аралық аңғар.

Не тамашалауға болады

Жазық дала мен жайылым иесі жылқылардың дүбірі, тылсым табиғат сізді бейне бір бөлек әлемге алып кеткендей сезім сыйлайды. Үстіртте әлемдегі ең үлкен телескобы бар Асы-Түрген астрономиялық обсерваториясы орналасқан. Әрі қарай жүрсеңіз, Қызыл жартастарға жетесіз - бұл шөгінді жыныстардың шыңдары мен таңғажайып мүсіндер түріндегі өсінділері. Жергілікті жартастарда қола және ерте темір дәуіріндегі петроглифтерді де кездестіресіз.

Асы үстіртіне жеткізер жол көркімен көз тартатын Түрген шатқалында орналасқан. Сондай-ақ Асы үстіртінен Шілік өзеніндегі Бартоғай су қоймасына жетуге болады.

Қай кезде барған дұрыс

Үстірт көктемде және жазда ерекше құлпырады. Қыста ауа райы суық, дегенмен баллонмен сырғанаушылар үшін арнайы турлар ұйымдастырылп тұрады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная