Реклама
Реклама

Каменское үстіртіндегі Астрофизикалық институт обсерваториясы

Мекенжайы

Каменское үстірті, Обсерватория көшесі, 23.

Несімен қызықты

Теңіз деңгейінен 1450 метр биікте орналасқан Каменское үстіртіндегі обсерватория - Қазақстандағы ең көне және туристер үшін қолжетімді жалғыз орын. Ол 1947 жылы Қазақ КСР-іне ҰОС жылдарында эвакуацияланған астрофизиктердің жұмысы нәтижесінде ашылды. Оның құрылысына тұтқындағы жапон әскерилері тартылды.

Не тамашалауға болады

Қазір обсерваторияда галактикаларды, жұлдыздарды, планеталарды және геостационарлық спутниктерді бақылайтын төрт телескоп жұмыс істейді. Туристерді обсерваториямен таныстыру Фесенков институтының тарихы, жұмыстың негізгі бағыттары және қызықты астрономиялық құбылыстарға шолу туралы әңгімеден басталады.

Әрі қарай келушілер 77-ші меридианға сәйкес келетін жолмен жүріп, телескоп орнатылған павильонмен танысады. 77-ші меридиан бойындағы аллея "Тілектер жолы" деп аталады - егер сіз оның үстінен өткенде аққан жұлдызды көрсеңіз, онда тілегіңіз қабыл болды дей беріңіз.

Келушілер тарих, телескоп құрылғысы және бақылау процесімен танысып қоймай, Сихоте-Алин метеоритін қолымен ұстап көре алады.

Жұмыс кестесі

Обсерваторияға жыл бойы баруға болады, бірақ тек ұйымдастырылған туристер тобының құрамында болуыңыз керек. Бақылаулар түнгі мезгілде жүргізіледі.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная