Қазақстан орталық синагогасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Райымбек даңғылы, 206 е.

Несімен қызықты

Алматыдағы cинагога Қазақстандағы еврей қауымының орталық ғибадатханасы ғана емес, сонымен қатар 1997 жылы негізі қаланып салынған Орталық Азиядағы алғашқы заманауи синагога. Синагоганың қоршауы мен терезелерінде алты бұрышты жұлдыздар бейнеленген, ал аумақтың дәл ортасында Ханука мерекесінде жанатын үлкен тоғыз шам бар.

Не тамашалауға болады

Мұнда қазақстандағы еврейлердің басты діни орталығы орналасқан. Келушілер еврей мәдениетімен танысады. Кітапханада діни тақырыптағы кітаптар көп. Синагога аумағында сіз арнайы дүкеннен кошер өнімдерін сатып ала аласыз.

Алматының Орталық зиратына жақын жерде көрнекті раввин Леви-Ицхак Шнерсонның бейіті бар, еврейлер өз қажылығын сол жерде өтейді.

Жұмыс кестесі

Орталық  синагога сенбіден басқа күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12:00-ден 12:30-ға дейін) жұмыс істейді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная