Райымбек батыр кесенесі
Мекенжайы
Райымбек даңғылы,196 а.
Несімен қызықты
Райымбек батыр жоңғар шапқыншылығы кезінде қонтайшы Цэван-Рабдан жасақтары шабуыл жасаған тұста Жетісудағы қорғанысты басқарды. 1729 жылы Шу мен Іленің төменгі ағысындағы Аңырақай шайқасына қатысты. Жоңғарларды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағынан ақырғы қуып шығуда батылдық танытты. 1918-1922 жылдардағы азамат соғысы кезінде батырдың қабірі қирап қалды. 1981 жылы сол жерге стела орнатылып, 1992 жылы кесене салынды.
Не тамашалауға болады
Ескерткіш шыңына жаңа туған ай орнатылған үшкір шатырға ұқсас. Бұл шатырдың ішінде батыр сүйегі салынған саркофаг бар. Кесене жанында қара мәрмәрдан соғылған Құран кітабы және түйе мүсіні орнатылған. Аңыз бойынша, Райымбек батыр қайтыс болар алдында жолдастары мен жақындарын жинап: «Мен қайтыс болғанда денемді киізге орап, ақ түйеге артып, түйе тоқтаған жерге көміңдер», - деп аманат еткен.
Неліктен бару керек
Кесенеге Қазақстан тарихына қызығушылық танытқан жандар барады, бұл жерге саяхаттар жиі ұйымдастырылады.