ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаңалық ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалай баруға болады
Ескерткіш Алматы қаласынан 40 шақырым жердегі Талғар ауданының Жаңалық ауылында орналасқан. Ол жерге № 217 және №220 автобустармен болады.
Несімен қызықты
Ескерткіш Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихына қызығатындар үшін маңызды. ХХ ғасырдың 30-жылдарында ату жазасына кесілгендер Жаңалық ауылында жаппай жерленген. Қорым 1989 жылы азаматтарға саяжай жер телімдері бөлінгенде кездейсоқ анықталған.
Тарихшылардың айтуынша, мұнда Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және басқа да көптеген қазақ зиялылары жерленген.
Не тамашалауға болады
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш пен мұражай 2002 жылы ашылды. Мұражайда Жаңалық ауылында жерленгендердің фотосуреттері, жеке заттары, сондай-ақ Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы туралы баяндайтын құжаттар сақтаулы. Экспонаттар арасында 1937-1938 жылдардағы үкімдер бойынша атылған қазақ зиялылары туралы материалдар ұсынылған.
Жұмыс кестесі
Мұражай күн сайын сағат 9.00- ен 17.00-ге дейін жұмысі істейді.