28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ
Мекенжайы
Саябақ Қонаев - Гоголь - Зенков - Қазыбек би көшелері аумағында орналасқан.
Несімен қызықты
Саябақ - алматылықтар Жеңіс күнін атап өтетін басты орын. Қала тұрғындары жыл сайын Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етуді дәстүрге айналдырған.
Саябақ атмосферасы отбасылық серуенге өте жайлы. Саябақтың тарихи маңызы мен салтанатты сәулеті жергілікті тұрғындар үшін де, туристер үшін де тартымды.
Пайда болу тарихы
Саябақ іргетасы XIX ғасырдың 70-жылдары ескі қорым орнына қаланғандықтан алғашында "ескі қорым саябағы" деп аталған. Кейін атауы бірнеше рет өзгерді, 1942 жылы Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-полкінің 28 гвардияшы-панфиловшылар құрметіне қазіргі атауды иеленді.
Жақын маңдағы көрікті жерлер
Саябақ даңқты тұлғалар құрметіне орнатылған ескерткіштермен ерекшеленеді. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Вознесенск кафедралды соборы мен Офицерлер үйі де осы маңда орналасқан. Бұл нысандардың өзіндік тарихы бар және уақыт бөліп тамашалауға лайық.