Тәуелсіздік монументі және Республика алаңы
Мекенжайы
Алаң Желтоқсан және Назарбаев даңғылдарының ортасындағы Сәтбаев көшесінде орналасқан.
Несімен қызықты
Республика алаңы - Алматының жүрегі ғана емес, сонымен бірге Қазақстан тарихындағы айтулы оқиғалардың куәсі. 1986 жылы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берген "Желтоқсан оқиғасы" осы алаңда басталған.
Пайда болу тарихы
Тәуелсіздік монументі 1996 жылы 16 желтоқсанда бой көтерді. Монумент авторларын Мысыр елінде тәуелсіздіктің құрметіне қойылған Луксор қаласындағы монумент шабыттандырса керек. Композицияның негізгі элементі - 28 метрлік стела. Қанатты барыстың үстіне айбарлы "Алтын адам" жайғасқан (биіктігі 6 м), ол мықты мемлекеттік билікті айшықтайды.
Жақын маңдағы көрікті жерлер
Республика алаңына тұрғындар мен қала қонақтары айбарлы монументті тамашалаудан бөлек, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді тойлау үшін жиі жиналады. Алаң маңында балаларға арналған үлкен ойын алаңы мен "Алмалы" сауда орталығы бар.