Алматыдағы ең биікте орналасқан демалыс саябағы - Көктөбе

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несімен қызықты

Сұлу Алматыны құс ұшар биіктен тамашалағыңыз келсе "Көктөбе" демалыс саябағына барыңыз. Романтикалық кездесулер немесе достарыңызбен және отбасыңызбен көңілді уақыт өткізуге арналған тамаша орын. Көктөбеге автобус және автокөлікпен немесе Достық даңғылындағы "Арман" кинотеатрынан басталатын аспалы жол арқылы көтеріле аласыз.

Пайда болу тарихы

Орталық Азия өңірінде алғаш рет аспалы жол осы Көктөбеге тартылды. Саябақ ресми түрде 1967 жылы ашылып, алматылықтар мен қала қонақтарының ең сүйікті демалыс орнына айналды.


Көктөбеде тағы қандай қызық бар

Саябақта әлемге әйгілі телемұнара көкке бойын созып тұр. Алматы символдарының біріне айналған телемұнараның биіктігі - 372 метр, ал теңіз деңгейінен есептегенде - 1452 метр. Сондай-ақ саябаққа келушілер  Алматы мен Іле Алатауының қарлы шыңдарының әсерлі көрінісін тамашалай алады.

Жыл бойы жұмыс жасайтын саябақта шағын зоопарк, айналма шолу дөңгелегі, аттракциондар, жайлы дәмханалар және ғажап алма бағы бар.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная