Алматы зообағы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Есенберлин көшесі, 166

Несімен қызықты

Қазақстандағы алғашқы зообақтың бірі Алматының шығысындағы 21 145 га аумақты алып жатыр. Бұнда 372 түрден тұратын 3900 жануар коллекциясы (01.01.2022ж.) бар. Зообақ жеті аумаққа бөлінген: жыртқыш сүтқоректілер, тұяқтылар, приматтар, жыртқыш құстар, экзотикалық құстар, экзотариум, аквариум.

Террариумды мекендейтін жолбарыс пен торлы питондар, хамелеондар, ысылдағыш улы жыландар және мысырлық кобралар келушілерді қызықтыруы мүмкін.

Зообақ үйрек-қаз, аққу мен тырна сияқты суда жүзетін құстардың бай коллекциясымен танымал, сонымен қатар ұшпайтын ірі құстар - эмус пен  нанду мекендейді.

Сүтқоректілердің алуан түрі бар: піл, жираф, зебра, бегемот, мүйізтұмсық, бөкеннің түрлері мен бұғылар. Маймылдың да түрі көп: мартышка, макака, павиан, гамадрил, сондай-ақ шимпанзе, гиббон секілді адамға ұқсас маймылдар.

Зообақ - Орталық демалыс саябағына іргелес орналасқан және алматылықтар мен қала қонақтарының сүйікті демалыс орындарының бірі.

Пайда болу тарихы

Зообақ 1937 жылы ашылды, ол кезде небәрі 7га аумақты қамтыды. Жетісулық тәжірибелі аңшы Мырзахан Төлебаев зообақты ашуға атсалысты, ал 1960 жылдары зообақ аумағы кеңейтілді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная