Алматы орталық мешіті
Мекенжайы
Пушкин көшесі, 16-үй.
Несімен қызықты
Алматы орталық мешіті - еліміздегі басты мешіттердің бірі, 7000 адам бір мезгілде құлшылық ете алады. Әйелдер мен ер адамдарға арналған залдар, Құран оқуға, неке қиюға арналған бөлмелер бар. Бас күмбез алтын түстес. Мешітке көрік беріп тұрған аспалы шамның салмағы - 2 тонна. Мешіт Құран аяттарымен және ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.
Тарихы
Алматы орталық мешітінің құрылысы 6 жылға созылды (1993-1999жж.) және XIX ғасырдың соңында салынған татар мешітінің орнына тұрғызылды. Ақ мәрмәрдан соғылған мешіт композициясы бес мұнарадан тұрады. Бас мұнараның биіктігі - 47 метр.
Қашан барған жөн
Мешітке кірудің өз әдебі бар: жабық киім кию, тыныштық сақтау. Мешітті турист ретінде тамашалағыңыз келсе, намаз оқылмайтын уақытта барған жөн. Бұл сізге еркін аралауға және мешіттегі қауымға қолайсыздық туғызбауға мүмкіндік береді.