ПОДЕЛИТЬСЯ
Вознесенск кафедралды соборы
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Гоголь көшесі, 40-үй.
Несімен қызықты
Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ сәулет ескерткіші. Собор - қалада сол кезде жиі болған жер сілкінісіне төзімді етіп салынған алғашқы ғимарат.
Көптеген ғимарат пен шіркеу мұнараларының қоңырауларын қиратқан 1911 жылғы жер сілкінісінен биіктігі 56 метрлік ағаш шіркеу аман қалды. Собордың крест орнатылған бес күмбезі көркімен көз тартады. Бас күмбездегі крестің биіктігі - 39,64 метр, қоңырау мұнарасының биіктігі - 46 метр. Собор 1,8 мың адамға арналған. Ғибадатхананың ішкі көрінісі сәнді де, ұстамды. Әсіресе қабырғалар мен иконостазды безендірген икона суретшісі Н.Г. Хлудовтың жұмысы ерекше тартымды.
Пайда болу тарихы
Верныйда кафедралды собор салу туралы шешім 1872 жылы қабылданғанымен, тек 30 жылдан кейін іске асты. Бұған дейін қауым уақытша ағаш ғимаратты пайдаланып келді. Инженер Андрей Зенковтың бастамасымен құрылысты аяқтау 1907 жылы мүмкін болды. Нәтижесінде әлемдегі ағаштан тұрғызылған ең биік православ ғибадатханасы пайда болды.
Қашан барған жөн
Ғибадатханаға баруды алдын-ала жоспарлаған жөн. Бұл ғибадатхананы еркін аралауға және ғибадат етуші қауымға қолайсыздық туғызбауға мүмкіндік береді.