Әулие Николай кафедралды соборы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Байтұрсынов көшесі, 56/5-үй.

Несімен қызықты

Ғимарат - биік күмбездері мен қоңырау мұнарасы бар кемеге ұқсас ғибадатхана. Революциядан кейін ол православ бекінісінің бірі болды: 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары Алматыда НКВД жанындағы жөнелту пункті болған кезде Қазақстанға жер аударылған жүздеген "халық жауы" мен діни қызметкерлердің баспанасына айналды. Вознесенск соборы секілді, бұл ғибадатхана 1911 жылғы жер сілкінісінен аман қалды.

Пайда болу тарихы

Әулие Николай кафедралды соборы жергілікті қос тұрғынның қаржысына 1908 жылы тұрғызылды. Көп ұзамай қасиетті Афондағы Пантелеимон монастырынан  және Киевтен шейіт Варвардың қасиетті жәдігерлерінің бір бөлігі жеткізілді. Бұл екі жәдігер шіркеуде осы күнге дейін сақтаулы. 1936 жылғы ақпанда Алма-Ата епархиясы қамауға алынып, Николай соборы жабылады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін ғимарат атеизм музейіне айналды. Кейіннен ол әскерилерге беріліп, ат қора ретінде пайдаланылды. 1946 жылы қайтадан шіркеу мәртебесін алды.

Қашан барған жөн

Ғибадатханаға бару уақытын алдын-ала жоспарлаған жөн. Бұл ғибадатхананы еркін аралауға және ғибадат етуші қауымға қолайсыздық туғызбауға мүмкіндік береді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная