ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің қиылысы.
Несімен қызықты
Алматыдағы ең ірі дендросаябақ 73га аумақты алып жатыр. Саябақ жүгіруге, фототүсірілімдерге және жайлы кешкі серуенге өте қолайлы. Бір кездері мұнда "апорт" бағы болған. Орталық Азиядағы ең ірі фонтан саябаққа сән беріп тұр. Фонтан кешені түрлі деңгейде орналасқан бес тостағаннан тұрады. Су ағыны 30 метрге дейін көтеріледі. Ортасында "Зодиак" белгілері бейнеленген тәж мүсіні орналасқан. Саябақтан Іле Алатауы мен қаланың панорамалық көрінісін тамашалай аласыз.
Пайда болу тарихы
Саябақ 2010 жылы салтанатты түрде ашылды. Ел егемендігінің 20 жылдығына орай "Қазақстан" сәндік панносы орнатылды. 2014 жылы "Жеті қазына" этносаябағы, ал бір жылдан кейін "Жапон бағы" ашылды. 2016 жылы топиарлық бақ пайда болды.
Жұмыс кестесі
Саябақ күнбе-күн сағат 05:00-ден 23:00-ге дейін және қысқы мезгілде 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.