Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі
Мекенжайы
Байтұрсынов көшесі, 60-үй.
Несімен қызықты
Қазақстан тарихына, тәуелсіздік жолындағы күрескерлер мен мәдени мұраға қызығатын жандар үшін мұражайдың маңызы зор. Ахмет Байтұрсынов мұражайы көрнекті көшбасшының өмірі мен қызметі арқылы Отанымыздың тарихымен танысуға мүмкіндік береді.
Мұражайда ғалымның өмірі мен ғылыми еңбегінен сыр шертетін 500-ге жуық материал бар. Соның ішінде 300-ден астам құжат - мемлекеттік мұрағаттан алынған түпнұсқалар.
Пайда болу тарихы
Көпестер үйі үлгісіндегі бұл ғимаратта 1933-1937 жылдары Ахмет Байтұрсынов отбасымен бірге тұрды. 1988 жылы қоғам және саяси қайраткер ақталғаннан кейін бұл ғимарат тарих және сәулет ескерткіші ретінде танылып, 1993 жылы мұражай ретінде ашылды.
Жұмыс кестесі
Мұражай сейсенбі-жексенбі күндері сағат 10:00-19:00 аралығында жұмыс істейді. Билет құны: 100-500 теңге.