ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайы
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Самал-1, 44-үй.
Несімен қызықты
Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне мұражайлардың бірі. Мұражай қорында 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтары сақталған. мұражайда тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Пайда болу тарихы
Мұражайдың қазіргі ғимараты 1985 жылы Ю.Ратушный, З.Мұстафина және Б.Рзағалиевтардың жобасы бойынша тұрғызылды. Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі ең үздік архитектуралық ғимарат болып есептелетін мұражайдың жалпы ауданы - 20 мың. шаршы метр, ал көрме экспозициясының аумағы - 7000 шаршы метр.
Жұмыс кестесі
Мұражайдағы құнды жәдігерлерді бағалау үшін кемінде бір күн уақытыңызды арнаған жөн. Билет құны 500 теңгеге дейін, антропология және алтын коллекциясы залдарына кіру құны (1000 -1300 теңге) бөлек төленеді.