Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Көктем-3, 22/1-үй.

Несімен қызықты

Еліміздегі ең үлкен өнер мұражайы. Қазақстан, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдері суретшілерінің өткен дәуір мен қазіргі заманды бейнелеген туындылары қойылған. Экспонат саны 25 мыңнан астам.

Пайда болу тарихы

Мұражай 1935 жылы құрылды, ал 1965 жылы арнайы жаңа ғимарат салынды. Мөлдір қабырғадан төгілген шам сәулесі жайлы атмосфераны сезінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ әр зал үшін оңтайлы температура мен ылғал мөлшері анықталған, бұл экспонаттардың ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Ғимаратқа табиғи жарық түсетін төбесіндегі шыны пирамида әр келушіге ерекше әсер қалдырады.

Жұмыс кестесі

Мұражай дүйсенбіден басқа күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Арнаулы көрмелер ұйымдастырылған кезде барсаңыз, негізгі топтамаға қоса бірегей экспонаттарды тамашалау мүмкіндігіне ие боласыз. Мұражайда қазақстандық суретшілермен қатар, шетелдік суретшілердің жеке көрмесі тұрақты түрде өтіп тұрады. Бір жылдың ішінде 60-тан астам көрме ұйымдастырылады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная