Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Мекенжайы
Қабанбай батыр көшесі,110-үй.
Несімен қызықты
Алғашқы қазақ опера және балет театры. Театрдың ерекше туындысы - Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсы. Көрермен назарына сондай-ақ классикалық "Аққу көлі" балеті ұсынылады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры - Еуразиядағы үлкен театрлардың бірі.
Театрдың актерлік құрамы, музыканттары мен дирижерлері және режиссерлері ел мақтанышына айналды.
Пайда болу тарихы
Театр 1933 жылы құрылды, 1941 жылы сәулет ескерткіші атанған жеке ғимаратқа көшірілді. Театр ғимаратында италья классицизмі мен Қазақстанның сәулет өнеріндегі ұлттық үлгісінің дәстүрлі элементтерімен үйлестірілген негізгі архитектуралық стиль - ампирды сақтай отырып, үлкен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екінші қабаттағы фойе мен көрермендер залының өрнектеріне "Алтын адам" костюмын әшекейлеген орнаменттердің элементтері қосылды. Қазақ халық өнерінің әртүрлілігі театр ғимаратының ішін өрнектеуде қолданыс тапты.
Жұмыс кестесі
Күзде театр маусымы ашылып, көктемде жабылады. Көрермен залында 789 орын бар, театр сахнасында жылына 200-ге жуық балет және опералық қойылым сахналанады.