ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақтың қос батыр қызы: Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткіші
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мекенжайы
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы мемориалды сквер (Төле би – Абылай хан – Бөгенбай батыр – Панфилов көшелері қиылысы).
Несімен қызықты
Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының батыры атағына ие болған алғашқы қазақ қызы. 1943 жылы Невель қаласы (Псков облысы) үшін шайқаста Мәншүк қорғаныс шебінде жалғыз өзі пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Мерген Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының батыры. 1944 жылы Псков облысының Казачиха ауылы үшін ұрыста ерлікпен қаза тапты.
Ескерткіш орнатылған тұғырды қос батырдың «алтын жұлдызы» айшықтап тұр. Ал ақ тастағы бейбітшілік құсын қолынан ұшырған балалар бейнесі Әлия мен Мәншүктің ерлігімен келген бейбіт өмірді баяндайды.
Пайда болу тарихы
Ескерткіш 1997 жылы 25 қазанда орнатылды. Өмірде бір-бірінің бар екенін білмеген Әлия мен Мәншүк – ерліктің қос қанаты секілді егіз ұғым.
Жақын маңдағы көрікті жерлер
Ескерткіш Астана алаңындағы скверде орналасқан. Бұл жер – балалармен серуендеуге тамаша орын, сонымен қатар жастардың да сүйікті алаңы. Мұнда маңызды іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ал егер әсем қаланы жаяу аралағыңыз келсе, сол маңда жасыл желекке көмкерілген Панфилов және Төлебаев көшелері бар.