Реклама
Реклама

Almaty Arena мұз сарайы

Мекенжайы

​Нұркент ш.а., 7​.

Несімен қызықты

Қазақстандағы ең үлкен мұз сарайы 2017 жылғы Универсиада қарсаңында ашылды. Almaty Arena шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, бокс, волейбол, баскетбол сынды спорттың шаралар мен концерттер өткізуге арналған. Бұл кешен үш блоктан тұрады, олардың аумағында екі мұз айдыны, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және бассейн орналасқан. Мұз алаңы - 12000, ал концерт залы 5000 көрерменге есептелген.

Қандай қызықтар бар

Кешенде жабық және ашық мұз айдыны бар. Almaty Arena-да жастар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған еркін, грек-рим және әйелдер күресі секциялары жұмыс істейді. Жаттығу жұмыстарын өткізуге қажетті тренажерлармен жабдықталған бөлмелер, душ кабиналары, шешінетін бөлмелер және жаттығу алаңдары қарастырылған. Сондай -ақ хореография, жүзу, мәнерлеп сырғанау және хоккей секциялары бар.

Жұмыс кестесі

Спорттық секциялар жыл бойы жұмыс істейді. Демалыс күндері жаппай сырғанау  қараша айында басталады. Жеті жасқа дейінгі балаларға кіру тегін.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная