Реклама
Реклама

"Медеу" биік таулы спорт кешені

Қалай баруға болады

Спорт кешеніне жетудің және қалаға кері қайтудың ең оңтайлы және экологиялық жолы -Достық даңғылынан жүретін №12 автобуспен бару.

Несімен қызықты

Бұл - қысқы спорт ойындарына арналған әлемдегі ең биік таулы кешен. Ол теңіз деңгейінен 1691 метр биікте орналасқан. Мұз айдыны10 500 шаршы метр ауданды алып жатыр. Конькимен жүгіру спортынан әлемдік рекордтардың көбі осы айдында орнатылды. "Медеу" - Қазақстан бойынша адам ең көп баратын спорт кешені және сәулет ескерткіші.

Қандай қызықтар бар

Спорт кешеніне қыс мезгілінде негізінен жаппай сырғанау үшін келеді. 7 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Конькиіңіз болмаса, осы жерден жалға ала аласыз, сондай-ақ коньки тебуді ақылы негізде үйрететін нұсқаушы көмегіне жүгінуге болады. Бұдан басқа келушілер селден қорғау бөгетінде серуендеп, тамылжыған табиғат көрінісінде суретке түсіп, "Денсаулық баспалдағында" күшін сынап көре алады.

Жұмыс кестесі

Сырғанау маусымы ауа райына байланысты қарашада басталып, көктемде аяқталады. Сырғанау уақыты сағат10.00-ден 00.00-ге дейін жалғасады.  

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная