Реклама
Реклама

"Шымбұлақ" тау-шаңғылы курорты

Қалай баруға болады

Ең оңайы - "Медеу" спорт кешенінен басталатын аспалы жол. Курорттың аймағына кіруге тек электромобильдерге рұқсат етіледі.

Несімен қызықты

Курорт - Қазақстандағы қысқы спорт әуесқойлары арасында ең танымал орын. Ол Іле Алатауының көркем шатқалында, теңіз деңгейінен 2260 метр биікте орналасқан.

Қандай қызықтар бар

Медеу шатқалынан көтерілудің өзі Іле Алатауының көркем көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді. Комби-1 лифті сізді курорттың 2200 метр биіктегі базалық станциясынан 2800 биіктегі трансфер станциясына дейін жеткізеді.Комби-2 еңістердің екінші деңгейіне көтерілуге ​​мүмкіндік береді. Сондай-ақ курорттың базалық станциясынан "Конус" шатқалына апаратын "ККД-4" отырғышы бар көтермелермен Талғар асуына шығуға болады. Бұл кәсіби  шаңғышылар ұнататын жер, өйткені мұнда асудан түсетін жер өте тік. Трассаның жалпы ұзындығы - 20 км.

Жұмыс кестесі

Қысқы спорт түрлерінің маусымы Алматыда қарашаның аяғы, желтоқсанның басында басталады және ауа райына байланысты наурыз айының соңына дейін жалғасады. Басқа уақытта мұнда жаяу серуендеу, табиғи сейіл құру және атпен серуендеу қызықты.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная