Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Мекенжайы
Шевченко, Пушкин, Құрманғазы және Қонаев көшелерінің қиылысы.
Несімен қызықты
Ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың ойынша Ұлттық Ғылым академиясының ғимараты адам ойының ұлылығын және республикадағы ғылым міндеттерінің ауқымдылығын көрсетуге тиіс болатын. 1957 жылдан бастап академияда жетекші қазақстандық ғылыми ұйымдар жұмыс істейді. Бұл - басты сәулет ескерткіштерінің бірі және туристердің Алматымен таныстығы осы жерден басталады.
Не қызық бар
Мұнда сіз ғимараттардың ерекше архитектурасын тамашалай аласыз. Кешен екі құрылымнан тұрады: Ғылым Академиясының Төралқасы (1957 жылы салынған) Шевченко көшесінде орналасса, "Ғалымдар үйі" (1981 жылы салынған) Құрманғазы көшесінде орналасқан. Екі ғимарат та бағандармен және ою-өрнектермен безендірілген бай декорымен ерекшеленеді. Ғылым академиясының маңында жазушы Александр Пушкинге, ғалым Шоқан Уәлихановқа және археолог Әлкей Марғұланға арналған ескерткіштер орнатылған әдемі алаңдар бар. 1980 жылы бұл алаңға әйгілі суретші Владимир Твердохлебов, сәулетші Владимир Кацев және мүсінші Александр Татаринов жасаған "Шығыс күнтізбесі" аталатын фонтан сән беріп тұр. Сол кезеңде бұл жоба саябақ мүсіні саласындағы ең үздігі деп танылды және фонтан қала үшін әлі де маңызды.
Ұлттық Ғылым академиясында археология, табиғат, Қазақстан ғылымының тарихы мұражайы және сирек кездесетін кітап мұражайы бар, оларды жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталуы тиіс. Академия ғимаратының қасбетін қайта жаңарту жұмыстары биыл аяқталады.
Қашан барған дұрыс
Ұлттық ғылым академиясы ғимаратының айналасындағы әсем алаңдар мен саяжолдар - жылдың кез келген мезгілінде серуендеуге жайлы және демалуға тамаша орын.