Алматы метросы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Несімен қызықты

Алматы метросы ТМД-дағы, ол Г тәрізді сызық түрінде орналасқан 11 бекеттен тұрады. Метро Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы "Райымбек батыр" бекетінен басталып, Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысындағы "Бауыржан Момышұлы" бекетімен аяқталады. Қарбалас уақытта метро Алматыда жылдам жол жүрудің ең ыңғайлы тәсілі болып табылады, әсіресе қаланың шығыс бөлігінен батысқа немесе керісінше тез жетуге болады. 

Алматы метросы ТМД-дағы ең жаңа метро және Г-тәрізді сызық түрінде орналасқан 11 станциядан тұрады. Метро Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы Райымбек батыр стансасынан басталып, Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысындағы Бауыржан Момышұлы стансасында аяқталады. Алматы көшелеріндегі кептелісте тұрып қалмай, жоспарлаған жерге ертерек жету үшін ең қолайлы қоғамдық көлік, әсіресе қаланың шығыс бөлігінен батыс бөлігіне баратындар үшін.

Не қызық бар

Алматы метросы туристер тамашалайтын нысандар қатарына кіреді, ең алдымен бекеттері өзінің сән-салтанатымен көз тартады. Алматы метросындағы ең терең (78 метр) «Абай» бекетінің интерьері айрықша әрленген. Бекеттің қабырғалары мен едендері ашық сарғыш және қоңыр мәрмәрмен қапталған. Флоренциялық әдіспен төселген мозаикамен безендірілген қола панель Платформаға сән беріп тұр.  Бұл панельде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың рельефі бейнеленген.

Жұмыс кестесі

Метро сағат 06.20-дан 00.00-ге дейін жұмыс істейді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная