Астана алаңы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалай баруға болады

Алаң Алмалы ауданында, Панфилов және Абылай хан көшелерінің арасындағы Төле би көшесінде орналасқан.

Несімен қызықты

1975 жылы Республика алаңы ашылғанға дейін қаланың басты алаңы болды. Өз тарихында Верный қаласы кезінен бастап атауы бірнеше рет өзгерді: Әскери алаң, Әскери собор алаңы, Казак алаңы, Казарма алаңы, Шеру алаңы және Қызыл алаң. Мұнда әскери іс-шаралар,  шерулер мен саптық сабақтар өткізілді.

Жақын маңдағы көрікті жерлер

"Астана" алаңының солтүстігінде Қазақстан-Британ техникалық университеті орналасқан. Қарсы бетінде - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткіші тұрған сквер бар. ҚБТУ ХХ ғасырдың 50-жылдардың соңында тұрғызылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратында орналасқан.

Жанында Әліби Жангелдин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Тұрар Рысқұлов, Масанчи, Сәкен Сейфуллин, Абдулла Розыбакиев және кеңес кезеңінің басқа да қайраткерлерінің бюстері бар көрнекті қайраткерлер аллеясы орналасқан. Сондай-ақ жақын жерде ғашықтарға арналған ескерткіш бар. Алаңды Панфилов көшесі кесіп өтеді.

Қашан барған жөн

Ескі алаң (танымал атауы) кез-келген уақытта серуендеуге ыңғайлы. Алаңда концерттер, ірі қалалық іс-шаралар мен жәрмеңкелер жиі өтеді, ол кезде алаңға адамдар көптеп жиналады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная