"Неделька" фонтаны

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мекенжайы

Бәйсейітова көшесі, 1.

Несімен қызықты

"Неделька" фонтанының атауы су каскадтарының үстінде "қалықтайтын" әсем аспалы шамдармен жабылған жеті доғаға орай аталған. Олар аптаның 7 күнін білдіреді. 1972 жылы ашылғаннан бері бұл жер бейресми жастардың мәдени орнына айналды. Фонтан қазір де серуендеуге арналған танымал орын және "Алтын шаршы" деп аталвп кеткен  аудандағы көрікті жерлердің бірі.

Жақын маңдағы көрікті жерлер

Мұнда ыстықтан қорғанып, фонтанның  көрінісін тамашалай отырып, ағаштардың көлеңкесінде демалуға болады. Жақын жерде Абай атындағы ҚазҰТОБ, Мұхтар Әуезов пен Жамбыл Жабаевтың бюсттері, аты аңызға айналған сәулетші Малғабар Меңдіқұлов жасаған Алматыдағы ең көне дәмханалардың бірі "Қарлығаш" тұр. Фонтанға қарама қарсы 1967 жылы салынған Алматы қонақүйі бар. "Қазақстан" қонақүйі салынғанға дейін ол елдегі басты қонақүй болды.

Қай кезде барған дұрыс

Алматыда фонтанды іске қосу маусымы 1 мамырда басталып, 1 қазанға дейін жалғасады. Олар күн сайын 8.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс жасайды. "Неделька" фонтаны, әсіресе, кешкі уақытта әдемі көрінеді - жарықтандыру әсерінен ерекше атмосфераға ие болады.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная