ПОДЕЛИТЬСЯ
"Аюсай" визит-орталығы
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалай баруға болады
Орталық Үлкен Алматы көлі жолындағы Аюсай шатқалында орналасқан. Бұл жерге №211 автобуспен (тек демалыс күндері), жеке автокөлікпен, таксимен немесе жаяу (№28 автобустың соңғы аялдамасынан 1,5 сағаттай жол) жетуге болады.
Несімен қызықты
"Аюсай" визит-орталығы 2021 жылы ашылды, негізгі мақсаты - келушілердің табиғатқа зиян келтірмей демалуына мүмкіндік жасау. Туристер мұнда Іле Алатауы ұлттық саябағымен танысады, жаяу жүретін соқпақ бағыттарын зерттейді.
Қандай ойын-сауық түрлері бар
Орталық аумағында ашық аспан астында тамылжыған жұлдызды түндерді тамашалуға мүмкіндік ұсынатын Tau Tas глэмпингі мен кемпингі бар. Бұл жерде саяхаттар, шеберлік сабақтары, квест ойындары, дәрістер мен кино кештері тәрізді түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
Орталық айналасында Қызыл кітапқа енген өсімдіктер өседі. Жақын маңда жерден атқылаған төрт бұлақ көзі бар: бірі жақын маңдағы сарқыраманың, екіншісі кемпингтің жанында және екі бұлақ Мыңкөз жолында орналасқан. Жол суретші Санжар Жұбановтың петроглифтерімен көмкерілген. Сондай-ақ үш сарқырама бар, оларға да экскурсиялар қарастырылған.
Жұмыс кестесі
Сәуір айынан бастап қазан айына дейін сағат 08.00-ден 19.00-ге дейін және қараша айынан наурыз айына дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.