ПОДЕЛИТЬСЯ
"Ақ қайың" қайың тоғайы
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалай баруға болады
Сіз қайың тоғайына Достық даңғылынан жүретін 5Б және 5В бағыттарындағы автобуспен 20 минут ішінде жете аласыз. Соңғы аялдамадан шығуыңыз керек, жолайрықта оңға бұрылып, Әжібай батыр көшесімен жоғары қарай жүре бересіз. 10 минуттан кейін экопосттан тоғайға кіруге болады.
Несімен қызықты
Бұл жер "Қайың ертегісі" деп аталады. Ол қаланың аумағында орналасқан және жолға немесе тауға шығу үшін көп уақыт жұмсағысы келмейтін, бірақ таулы орман атмосферасына еніп, фототүсірілім ұйымдастырғысы келетін немесе шатырлы лагерь жасағысы келетін жандар үшін өте қолайлы. Бұл жер ең романтикалық кездесулерге арналған орындар тізімінде.
Не қызық бар
Тоғайға жай серуендеуге немесе пикникке келуге болады. Аумақта беседкалар мен үлкен әткеншектер бар. Сондай-ақ қыста әуе шарларымен серуендеуге арналған алаң бар, оны сайтта жалға алуға болады. Атқа міну әуесқойлары үшін жылқыларды жалға алуға болады. Мұнда алма бақтары өседі, тоғайдың дәл ар жағында қарағайлы орман, одан кейін қалың шыршалы орман бар.
Қай кезде барған дұрыс
Ең жақсы уақыт - күз, желмен жарыса жерге төселген жапырақтар бейне бір алтын кілем төсеп қойғандай. Бұл көрініске қайың ағашының ақ діңі сән бере түскендей. Қандай әдемі кадрлар түсіруге болатынын елестете беріңіз.