Қайыңды көлі
Қалай баруға болады
Алматыдан Қайыңды көліне дейінгі 294 шақырымдық жол 5 сағаттай уақыт алады. Көлге жақын Саты ауылы бар, одан Қайыңдыға жол талғамайтын көлікпен көтерілуге болады. Туристер тобының құрамында барған дұрыс.
Несімен қызықты
"Қайыңы мол" деген мағына беретін тылсым сыры мен тамаша табиғаты үйлесім тапқан көл. Көлдің атауы қайыңдарға қатысты болғанымен, шынайы бейнесінде көне шыршалардың кескіні басым: қоршап тұрған қорғаны да, тұңғиығында жасырылған құпия қазынасы да - осы шыршалар. Күн мен желден су астында қорғаныс тапқан шыршалардың төменгі бұтақтары таңғаларлықтай жақсы сақталған.
Не тамашалауға болады
Ең алдымен, туристер көлді тамашалауға келеді. Ол 1911 жылы Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. Жергілікті өзеннің бөгелуінен таулы алқап суға толып, сол жердегі қылқан жапырақты орманды су басты. Бастапқыда ағаштар толығымен су астында қалды. Кейін су деңгейі төмендеп, шыршалардың төбесі көріне бастады.
Қай кезде барған дұрыс
Мұнда жылдың кез келген мезгілінде көлдің және Күнгей-Алатау жоталарының атмосфералық көрінісін тамашалап, әдемі фотосуреттер түсіруге болады. Айта кетейік, тоғанға шомылуға және көл мұзында коньки тебуге тыйым салынған.