Түрген шатқалы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалай баруға болады

Алматы қаласынан 70 км қашықта орналасқан. Қаладан Талғар немесе Құлжа тас жолы бойымен Түрген ауылына жетер тұста (Royal Petrol жанармай құю бекетіне жетпей) оңға бұрылсаңыз, көп ұзамай экобекетке жетесіз.

Несімен қызықты

Ұзындығы 44 шақырымдық Түрген шатқалында тылсымға толы табиғи және тарихи көрікті жерлер жетерлік. Мұнда термалды бұлақтар, ең әдемі сарқырамалар ("Аю", "Қайрақ" және "Жартасты"), бұлақтар, сондай-ақ сақ қорғандары, "Алтын адам" ескерткіші, жүзімдіктер, омарталар, форель шаруашылығы және түйеқұс фермасы бар. Бұл қызықтың барлығы Асы үстіртін ерекшелейді.

Не қызық бар

Түрген шатқалына жиі баруға болады. Бір сапарда барлық нысанды қамту қиын, өйткені мұнда демалыс орындары көп. Шатқал қылқанжапырақты және жапырақты ағаштардың алуан түрлілігімен, альпі және субальпі шалғындарымен, көлдерімен, бұлақтарымен тартымды. Саяхат турларының көпшілігі сақ қорғанына, сарқырамаларға, сондай-ақ форель шаруашылығы мен түйеқұс фермасына апарады. Асы үстіртіне, әрине, арнайылап барған жөн, тамылжыған түнде жұлдызды тамашалау естен кетпес әсер сыйлайды.

Қай кезде барған дұрыс

Көрікті жерлердің көптігі жылдың кез келген уақытында Түрген шатқалына баруға мүмкіндік береді.

Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная