Көкжайлау үстірті
Қалай баруға болады
Алматы қаласынан 10 км жерде Іле Алатауы ұлттық саябағында орналасқан. Жол бағыттары Медеу шатқалынан немесе Дулати көшесінен басталады.
Несімен қызықты
Теңіз деңгейінен 1450-ден 1750 метрге дейінгі биікте орналасқан Көкжайлау үстірті (қазақ тілінен "көк жайылым" деп аударылады) туристерге биік Тянь-Шань шыршасының сұлулығымен, табиғатта демалудың қолжетімділігімен және дамыған инфрақұрылымымен тартымды.
Не қызық бар
Бұл жерге адамдар алғашқы демнен тынысыңды ашатын хош иісті тау ауасымен тыныстауға, табиғаттың тылсым күшін сезінуге келеді (демалуға арналған орындықтар мен беседкалар бар). "Батарейка" сарқырамасы мен туристерді қызықтырған тау әткеншегі де сол жерден алыс емес, егер тура жүрсең, адамдар алғаш бағындырған Фурманов шыңына көтеріле аласыз.
Қай кезде барған дұрыс
Көкжайлау үстірті жылдың кез келген мезгілінде көрікті, дегенмен дауылды ескертулерге назар аударған жөн.